Зұлмат күндердің куәсіндей болған кейуана
Зұлмат күндердің куәсіндей болған кейуана
9 жыл бұрын 3165

«Нақба» күні немесе израилдіктердің басқыншылық саясатынан кір жуып, кіндік кескен жерінен үдере көшкен жүз мыңдаған палестиналықтың басындағы қасіретті жайт орын алған күн Фатима Хұсейн Омар үшін ерекше күн. Біздің кейіпкеріміз 1948 жылы дүниеге келген. Бұл жылы палестиналықтар үшін ең ауыр жыл болды: кем дегенде 750 000 палестиналық (тұрғындардың 65%-ы) туған жерінен қуылды, 15 000 адам өлтірілді. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Биыл бұл қасіретке 67 жыл толды. Фатима да жуырда 67 жасқа толды. Балалары мен немерелерінің ортасында. Босқындар лагерінде. Ең қызығы, кейуана Құдыстан оңтүстік-шығысқа қарай Мәлік елді-мекеніндегі әкесінен қалған қара шаңырақтың кілтін сақтап қойған. Сондай-ақ, оның қолында сонау Осман қағанаты кезінен сол үйдің қожайыны болғанын айғақтайтын, жеке меншігі екенін білдіретін құжаты да сақталған екен. Ол кілтті түбі бір қара шаңыраққа қайтып ораламын деген үмітпен сақтап жүр. «Бізді үйімізден қуып шықты. Еуропадан келген террористер ер-азаматтарды мешіттен шығарып, қабырғаға тұрғызып қойып, атып тастады. Ал әйелдерді зорлады», - деп жаны түршіге еске алады сол кезді 10 баланың анасы.  

 

Кафедегі картадан Израил өшіріліп тасталды

Голландияның Роттердам елді-мекеніндегі Le Souq кафесінің қожайыны өзінің ғимараты үшін шығарылған картадан Израилді алып тастады. Оның аумағын Палестина жері етіп берген. Бұл жайында Algemeen Dagblad daily ақпарат көзі хабар таратты. Бұған ең алғашқы болып жергілікті саясаткер – Нидерландының Христиан демократиялық партиясының аймақтық төрағасы Ян Гуттен назар аударған екен. «Таяу Шығыста жаңа ел пайда болған ба? Rotterdam's Market Hall-де Израилдің барын білдмейді ме? Қызық екен», - деп жазыпты ол Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. Дәмхана қожайыны өзінің кафесі Таяу Шығыс халықтарының ас мәзіріне маманданғанын жеткізе келіп, ежелгі палестиналық аспаздық өнерге айрықша ден қоятынын да жасырмады.

0 пікір
Мұрағат