Зиярат туризмі бойынша қай мұслман елдері көш басында тұр
Зиярат туризмі бойынша қай мұслман елдері көш басында тұр
5 жыл бұрын 3980 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Зиярат туризмі дегеніміз, киелі орындар үшін саяхаттау. Бұл жағынан келгенде Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында, әлбетте, Саудия көш бастап тұр. Қажылық секілді қасиетті сапарға аттанғандар есебінен. Ал Орта Азия елдері арасында туризмнің бұл саласы бойынша Өзбекстанның аты озып, қара үзіп шыққан. Өзбекстанның мемлекеттік туризм комитетінің жетекшісі Әбдіәзіз Аққұловтың айтуынша, өзбек жеріне ең көп келген туристер арасында Түркия азаматтарының қарасы көп - 41299 адам, екінші орында Пәкістан азаматтары тұр - 5568 адам. Ал үшінші орыннан малайзиялықтар көрінген - 2768 турист, төртінші орынға Иран жайғасқан - 2658 адам, бесінші орынға Индонезия табан тіреген - 1589 адам. Алтыншы орынды Біріккен Араб Әмірлігі місе тұтқан - 1580. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алғанда. Әрине, зиярат туризмі бойынша Өзбекстанның тек Орта Азияда емес, сонымен қатар, күллі ислам әлемінде алдыңғы орыннан көрінуінің себебіне аталған ел аумағында тарихы тым тереңде жатқан ислами-мәдени мұралар мен ескерткіштердің, тарихи орындардың, жәдігерлердің көптеп ұшырасуын жатқызамыз. Осы жылдың ақпан айында Өзбекстан зиярат туризмі орталықтарының бірі ретінде мойындалған болатын. Осыған қатысты тиісті құжатқа Бұхара қаласында қол қойылған еді. Сондай-ақ, зиярат туризмі бойынша Саудиядан кейінгі орында Түркия тұр, одан кейінгі орындарға Марокко, Иран, Бахрейн, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Индонезия және Қазақстан жайғасқан. 

0 пікір
Мұрағат