Венада алғашқы ұшатын көліктің тұсауы кесілді
Венада алғашқы ұшатын көліктің тұсауы кесілді
9 жыл бұрын 5803 www.inform.kz
Австриялық "Aeromobil" компаниясы Венада өткен «Pioneers Festival» конференциясында алғаш рет жаңа ұшу қабілетіне ие "Flying Roadster 3.0" көлігінің тұсауын кесті, деп жазады Массагет.кз.

Бұл әуекөліктің прототипі, шамамен, 25 жыл бұрын жасалынған. Қазіргі таңда транспорт құралы байқау сынағында тұр. Бұл жаңалықтың авторы - бұрында BMW және «Audi» автомекемесінде жұмыс жасаған, қазір «Aeromobil» компаниясының бас-дизайнері Стефан Кляйн. «Flying Roadster» түзу жолда, орта есеппен алғанда, 160 км/сағатпен жүрсе, көкке көтерілген соң 200 км/сағаттан астам жылдамдықпен ұша алады.
Көлік құрастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл әуекөлік, негізінен, транспорт жүйесі әлсіздеу елдерге арналған. Жоба әлі де көптеген толықтыруды қажет еткендіктен, жаппай өндіріске қай уақытта шығатыны әзірге белгісіз.

"Flying Roadster" туындысының ең негізгі айырмашылығы, оның көлемінің кішілігінде. Қарапайым көліктер жүретін қара жолға емін-еркін сыяды. Сондай-ақ, көлік тұрағына еш қиындықсыз қоюға болады. Ұшатын көлік сағатына 15 литр жанармай жағады екен. Өндірушілер қауіпсіз ұшу құрылғыларының сапасының мықтылығына кепілдік беріп, сенім білдіріп отыр.
Өкінішке қарай, ұшқыш көлік иесіне жол кептелісінен қашып құтылуына көмектесе алмайды. Әуеге көтерілуі үшін 50 метрлік асфальтты жол немесе қарапайым шөпті алқап қажет.

3 пікір
Мұрағат