В.Чаплин: Қоғамда үйлесім болуы керек
В.Чаплин: Қоғамда үйлесім болуы керек
10 жыл бұрын 2999

Всеволод Чаплин қоғамдық мәселелер бойынша Православ шіркеуінің ресми ұстанымын білдірді

Ресейде шариғи қоғам құруға талпынып жүрген адамдар бар және олардың ұстанымы олардың еркін жаншитын қандай да бір қысымға ұшырамауы керек деп есептейді Православ шіркеуінің өкілі, Шіркеу мен қоғамның өзара қатынасы жөніндегі бөлімнің басшысы, протоирей Всеволод Чаплин. «Біреулер демократия орнатқысы келеді, енді біреулері – монархия, тағы біреулері шариғи қоғам құрғысы келеді, кейбіреулер кеңестік кезеңдегі секілді социализмді жандандырғысы бар»,- деді православ қайраткері ойын сабақтап. Оның бұл сөзі Мәскеу патриархиятының сайтында келтірілген. Сондай-ақ, ол кез келген өзге доктрина секілді шариғат негізінде қоғам құрғысы келетіндерге қандай да бір шешімді таңуға болмайтынын тілге тиек етті. «Осы адамдардың барлығының ұстанымын, пікірін және ұмтылысын үйлестіруді үйрену қажет, оларға сыртынан «консенусты» таңбау керек. Әрі бір мезгілде осы адамдардың барлығына ортақ тұтас бір кеңістік қалыптастырмасақ та субкеңістік құру мүмкіндігін қамтамасыз етуіміз керек және бір-бірімен тіл табысып үйренуі тиіс, әсіресе, жанжал орын алған жағдайда»,- деп мәлімдеді ол Ресей Федерациясының заң шағыру кеңесі мен Федерация кеңесі жанындағы ұлтаралық қатынас және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде. 

0 пікір
Мұрағат