Ұлыбритания 10 мың босқын баланы қабылдауға ниеттеніп отыр
Ұлыбритания 10 мың босқын баланы қабылдауға ниеттеніп отыр
7 жыл бұрын 3258 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания 2020 жылға дейін жиырма мыңдай сириялық босқынды қабылдауға ниеттеніп отыр. Олардың жартысын балалар құрамақ. Бұл жайында Британияның премьер-министрі кеңсесінен мәлім болды. Бұрындары халықаралық құқық қорғаушы іргелі ұйымдар британиялық билікті босқындарды қабылдағысы келмейтіні үшін сынға алған болатын. Талай мәрте. Өткен жылдың желтоқсан айында белгілі болғандай, Франция аумағында Ұлыбританияға өтуге рұқсат алуды күткен 1900-ге жуық босқын бала болған. Осы уақытқа дейін олардың тек 750-і ғана Ұлыбританияға өткен. Жуырда ғана Ұлыбритания Еуропадағы босқын балаларға арнап, қор құрғандарын мәлім еткен еді. Осы мақсатта 10 милн фунт-стерлинг қаржы бөлген болатын. 

0 пікір
Мұрағат