Уинстон Черчильдің қаны бәссаудаға шығарылмақ
Уинстон Черчильдің қаны бәссаудаға шығарылмақ
9 жыл бұрын 3217

Ұлыбританияның экс-премьері Уинстон Черчильдің қан үлгісі құйылған ампула бәссаудаға шығарылады.

Бірегей лоттың бастапқы бағасы 400-800 еуро деп белгіленген. Аталмыш қан үлгісі 87 жастағы Черчильден 1962 жылы Лондон ауруханасында жатқан кезінде алынған екен. Онда саясаткер Монте-Карлода жамбасын сындырып алып түскен болатын.

Ампуланы жою жоспарланған, алайда сол кездегі студент медбике қыз Патриция Фитцгиббон үлгіні өзіне қалдыруды өтініпті. Фитцгиббон бұл ампуланы өмір бойы сақтап келген. Медбике қайтыс болғаннан кейін Черчильдің қан үлгісін бәссаудаға шығару ұйғарылды. Бұл жайында nur.kz сайты Gazeta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

"Тарихтың осыншалықты бірегей бөлігіне нақты баға беру мүмкін емес", - дейді Duke's аукцион үйінің өкілі Тимоти Медхерст. Медхерстің айтуынша, биыл Черчильдің қайтыс болғанына 50 жыл толады және саясаткердің осынау қан үлгісі оның ақырының бастауы болған жарақатын еске салатындай.

Аукцион үйінің өкілі бұл лотқа үлкен қызығушылық танытып отыр әрі ампула кем дегенде 1000 фунтқа өтеді деген сенімде. Сатылым 12 наурызда Дорсетте өтеді.

0 пікір
Мұрағат