Түркияда қоқыспен күресудің тың тәсілі қолға алынды
Түркияда қоқыспен күресудің тың тәсілі қолға алынды
5 жыл бұрын 2140 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Стамбұл шаһарында метродағы жолақы ретінде қалайы банкілер мен пластик құтылар алына бастады. Бұл жайында Turizm ақпарат көзі хабар таратты. Жалғыз Стамбұлда ғана емес, сонымен қатар, Түркияның ірі қалаларындағы жерасты бекеттерінде қалайы банкілер мен пластик құтыларды қабылдайтын арнайы құрылғылар орнатылған. Бұл құрылғылар қалайы банкілер мен пластик құтыларды жаншып, ұсақтап, сұраптап, екінші өңдеуге жібереді. Бұл құрылғы арқылы Istanbul Card көлік жолақасын төлеуге болады. Жолақы сомасы қоқысқа қанша қалайы банкі мен пластик құты салғаныңызға байланысты өсіп отырады. Мәселен, бір жарым литрлік пластик құты үшін автомат 0,03 түрік лирасын жол жүруге арналған картаңызға "құяды". Ал 0,33-литрлің қалайы банкі үшін 0,09 лираны аударады. Бір жолақысын толтыру үшін құрылғыға 32 бір жарым литрлік пластик құтыны немесе 28 қалайы банкіні салуыңызға тура келеді. Бұл шара тұрғындарды жүрген жерін қоқыспен ластамауға үйретеді. 

0 пікір
Мұрағат