Түркітілдес елдердің басшылары Бодрумда бас қосты
3 жыл бұрын 1811 www.tccb.gov.tr

Түрік еліндегі Бодрум қаласында түркітілдес елдерінің басшылары бас қосты. Бас қосуға еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Сонымен қатар, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан елдерінің де басшылары келді. Елбасшылар екі жақты кездесулер жүргізді. Бұл кездесуде энергетика, тасымалдау және мәдениет салаларында өзара ынтымақтастық жайы да сөз болды. Екі жақты кездесуден кейін Түрік елінің басшысы Абдулла Гүл сол жерде келген қонақтарға арнап кешкі ас берді деп хабарлайды tccb.gov.tr.

Кездесу барысында мемлекет басшылары алдағы төртінші саммиттің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде пікір алмасты делінген strategy2050.kz сайтында.

0 пікір