Түркі халықтарының ықпалымен құрылған 15 мемлекет белгілі болды
Түркі халықтарының ықпалымен құрылған 15 мемлекет белгілі болды
7 жыл бұрын 8003 qamshy.kz

Түркі халықтары құрған 15 мемлекет туралы мәліметті «Қамшы» порталы сaravan.kz-ке сілтеме жасай отыра ұсынады. Құрылған осы мемлекеттердің ресми символы мен карталары төменде көрсетілген.

Ғұн державасы (Б.з.д 209-51)- түркілер негізін қалаған алғашқы мемлекет

 

2. Батыс ғұн имериясы – ғұн державасы тарап кеткен соң құрылды. Ғұндардың басшысы Шаньюй Қытайға тәуелді болуға келіскен

 

3. Эфталиттер мемлекеті (4-6ғ.) Бұл мемлекет ғұн-эфталиттерімен негізделген. Оның құрамына Бактрия мен Соғды жерлері, Ауғаныстан мен Гандхару жерлері кірген.


4. Түрік қағанаты (552-603ж) – адамзат тарихындағы Азиядағы ең үлкен мемлекет. Бұл «түркі» сөзі алғаш ресми түрде қолданылды.

 

5. Авар қағанаты (562-823)- Венгрия, Австрия, Словакия, Хорватия, Румыния, Эстония, Литва, Сербия, Польша, Украина және Швейцарияның бір бөлігінде орналасты. Авар қағаны Баян негізін қалаған қағанат өз уақытында барлық Шығыс Еуропаны бақылауда ұстаған.

 

6. Хазар қағанаты –(7-9ғ) өмір сүрген мемлекет. Зорлықшылықтан бас тартқан алғашқы түркі мемлекеті, 8 ғасырда иудаизм дінін ұстана бастаған. Алайда, айта кету керек бұл дінді ұстанушылар қатарында тек қаған мен оныі жанындағы адамадар ғана болса керек, қалған халық әр түрлі: мұсылман, христиан, иудеи діндерін ұстаған.

 

7.Ұйғыр қағанаты. 745-847 жылдары өмір сүрген әр түрлі тайпалар федерациясынан біріккен мемлекет болды. Онда егін шаруашылығы жақсы дамыған.

 

8. Қараханид мемлекеті 840-1212 жылдары өмір сүрген. Қараханид мемлекеті ислам дінін қабылдаған соң, үйғыр алфавитін қолданып, ал түрік тілі ресми тілге айналды. Осыған байланысты араб және парсы тілдерінің ықпалы бүл мемлекетке аса қатты біліне қойған жоқ.

9. Газневид мемлекеті 961-1187 жылдары Мауераннахр, Үндістан солтүстігі мен Хорасан территориясында өмір сүрген. Кейбір тарихшылардың пікірінше Пәкістан мен Үндістанның бөлінунің алғышарттарын дәл осы газневидтер жасаған дейді.

10.Селжұқ мемлекеті (1037-1194 гг.)- үнді-ирандық және түркі салттарын бойына сіңірген. Барлық жер басшының жеке меншігі ретінде есептелген.

11.Орта Азиядағы жері бай, мәдениеті өркендеген мемлекеттердін бірі Хорезм мемлекеті болды. (1097-1231 жж.). Бұл мемлекеттің мәдениетінде Иранның ықпалы әсер етті. Моңғол кезеңіне дейінгі Орта Азиядағы мықты мемлекеттерің бірі болды.

 

12. Алтын Орда. Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді. Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.

 

13. Темір хандығы. (1370 ж – XVIғ.)- барлас руынан шыққан Әмір Темір құрған бұл мемлекет мәдениеті жағынан ислам мен парсы элементтерін жинақтаса, әскери жағдайында түркі-моңғол салттарымен жүрген.

 

14. Моңғол империясы 1526 жылы негізі қаланған түркі-моңғол салт-дәстүрін жалғасытрушы мұрагер империя.

 

Дәл осы моңғол кезеңінде ерекше сәулет өнерінің ғажайып туындылары дүниеге келді. Оның ішіндегі ең танымалы – Таж Махал.

 

15. Осман империясы. (1299-1922 гг.) Шығыс Еуропаны, Оңтүстік-батыс Азияны, Солтүстік Африканы жайлаған имерия ислам, араб, парсы мәдениетінің әсері үлкен болды.

 

0 пікір
Мұрағат