Түріктер доллардан бас тартып жатыр
Түріктер доллардан бас тартып жатыр
6 жыл бұрын 3792 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктер алтынның пайдасына доллардан бас тартып жатыр. Бұл жайында Алтын жөніндегі бүкіл әлемдік кеңестің баяндамасында айтылған. Сарапшылардың есебіне қарағанда, өткен жылы Түркия алтын импортын күрт арттырған. Бағалы металды тек ел тұрғындары ғана емес, сонымен қатар, аталған елдің Орталық банкі де сатып алып жатыр. Батыс елдерімен дүрдараз болған түрік билігі осылайша қаржы саласындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр десе де болады. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Түркия билігі ел тұрғындарына жинақтарын доллармен емес, алтын түрінде сақтауға үндеген болатын.

0 пікір
Мұрағат