Тлемсен – Мағриб маржаны (фото+видео)
Тлемсен – Мағриб маржаны (фото+видео)
4 жыл бұрын 2823 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тлемсен Алжирдің ажарын ашатын ең көрікті қалалардың бірі. Қызыл құммен сыланған көне қала дуалдары, мемұндалаған мұнаралары мен аркасының өзі қарасаң көз тоймайтын сарайлары, т.б. – Тлемсен Марракеш пен Кордованың айқасқан білегіндей үйлесімі бар шаһар.

Тлемсен – Алжирдің солтүстік-батысында Мароккамен арадағы шекараға таяу орналасқан қала. Оның тарихы римдіктердің қоныстануымен IV ғасырдан бастау алады. Әлмоһадтар билік еткен тұста ол Мағрибтың аса ірі сауда орталығына айналды. 1239 жылы Әбдалуалид династациясы басқарған кезде, XIII-XV ғасырларда олардың астанасына және аталған аймақтың мәдени әрі діни орталығына айналды. XVI ғасырда Османлының протекторатына айналды, яғни, османлылықтардың қорғауы мен қоластында болды. XIX ғасырда француз отарлаушыларының қолына өтті. Испаниядағы инквизиция кезінде ол еврейлердің бас сауғалайтын орнына айналды. Не көрмеген қала десеңізші! 

Тлемсенде Алжирдің басқа қалаларына қарағанда тарихи әрі мәдени ескертіштке айналған, өз алдына тұтас бір ансамблді құраған, түрлі ғасырларда, соның ішінде орта ғасырларда тұрғызылған, сәулеті мен сәні бөлек ғимараттар көп. Әсіресе, XII-XV ғасырларда салынған ғимараттардың қарасы әжептәуір. Тлемсендегі әне оның маңайындағы шамамен 45 ғимарат сәулет және тарихи ескерткіш ретінде ресми танылған болатын. 

Алжирдегі ең ежелгі мешіттердің біріне жатқызылған, XI ғасырда тұрғызылған Үлкен мешіттен бөлек аталмыш қаланың оңтүстік-шығысына қарай бір жарым шақырымнан асатын қашықтықта Алжирдің ең әдемі әрі киелі Сиди Бумеден мешіт-қабірстан кешені бар. Алжирліктердің рухани сая табатын орынға айналған жерге туристер көптеп келеді. 

Қаланың орталығында XII ғасырға тиесілі Мешуара қамалы алыстан менмұндалайды. Билік еткен Зианида Ягморассен өзінің резиденциясын XIV ғасырдың бас кезінде осында ауыстырды. XVI ғасырда оны қамалы ретінде пайдаланды. Отарлаушы француздар да оны үлгі тұтып, казармасы мен госпиталын осында орналастырды. 

1296 жылы тұрғызылған Сиди Белһассен мешіті қазіргі уақытта музей ретінде жамағатқа есігін айқара ашып отыр. 

Мың рет естігеннен, бір рет көргенге жетпейді. 

Картинки по запросу grande mosquée de tlemcen

Картинки по запросу Bab el Kermadine

Картинки по запросу ‫مسجد المشور تلمسان‬‎

Картинки по запросу ‫قصر المشور تلمسان‬‎

Картинки по запросу tlemcen tlemcenforum.com

Картинки по запросу mansourah tlemcen

Картинки по запросу mosquée sidi belhassen

 

0 пікір
Мұрағат