Террористер 500 баланы кепілдікке алды
Террористер 500 баланы кепілдікке алды
9 жыл бұрын 3610

Шамамен он шақты содырдан тұратын қарулы топ Пәкістанның Пешавар қаласындағы әскери училищеде бірнеше жүздеген оқушыны кепілдікке алды. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, содырлардың мектепке шабуылы кезінде 20-дан аса адам қаза тапқан. Reuters ақпарат агенттігі келтірген мәлімет бойынша бұл терактінің жауапкершілігін «Пәкістанның техрик-и-тәліптері» қозғалысы өз мойнына алып отыр. Терактіден 130 адам адам қаза тауып (олардың көбісі оқушылар), 122 адам жарақат алған. Аталмыш қозғалыс өкілінің айтуынша, содырларға тек ересектерге ғана шабуыл жасау керектігі әмір етілген. Алайда, террористер жетекшілерінің бұл ескертуіне құлақ аспай, өз беттерінше әрекет еткен. Полиция әскерилердің содырлармен атысқанын жеткізді. Содырлар кез келген сәтте өзін жарып жіберу үшін жанкештінің белбеуін тағынып алған. «Жаңалықтар» агенттігінің «Франс Пресс» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлағанындай, кепілдікке алынғандарды құтқару оперциясы сәтті аяқталған. 

0 пікір
Мұрағат