Тек соғыс емес, жаһандық жылыну да босқындар қарасының көбеюіне әсер етіп отыр
Тек соғыс емес, жаһандық жылыну да босқындар қарасының көбеюіне әсер етіп отыр
6 жыл бұрын 2816 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кәрі құрлыққа ағылған босқындар қарасының артуына тек соғыс пен қарулы қақтығыстар немесе экономикалық себептер ғана емес, сонымен қатар, жаһандық жылыну да әсер етіп отыр. Яғни, солтүстік Африка мен Таяу Шығысты жаһандық жылынудан құрғақшылық жайлап келеді. Дәлірегі, орташа ауа температурасының көтерілуі аталған аймақтардағы жерді ауыл шаруашылығына жарамсыз етуді. Бұл жайында америкалық Колумбия университетінің мамандары мәлімдеді. Зерттеу авторларының тұжырымдауынша, соңғы бірнеше жылдың ішінде 103 аграрлы мемлекеттегі ауа температурасы қатты көтерілген немесе төмен түскен. Аталмыш жоғарғы оқу орнының профессоры Вольфрам Шленкердің айтуынша, бұл құбылыс өз кезегінде адамдардың күнкөріс көзін іздеп, климаты жайлы елдерге ағылуына апарып соқтыруда. 

0 пікір
Мұрағат