Таңғажайып тастар
Таңғажайып тастар
2 жыл бұрын 919

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша,Астанада Ақылбек Сыздықов дейтін ақсақал бар. Орталық базардың жанындағы мешітке іргелес үйдегі машина тұрағының күзетшісі екен. Көлігімізді қойғанда өзі келіп амандасты. Костюмімнің жағасындағы «Егемен Қазақстан» газетінің төсбелгісін байқап қалған екен. «Аманат еді, жүріңіз, сізге көр­сететін дүниелерім бар», – де­ді. Екі адам әзер айналатын дүң­гіршекке кірдік. «Дүниелері» ша­шақты дорбаға салынған тас­тар екен. Бірінен-бірі өтеді. Асық­қа­нымыз жайына қалды. Қарап жатырмыз, қарап жатырмыз. Бәрінің қысқаша сипаттамасы, дерегі жазылыпты.

 

Кезінде әуесқой өлкетанушы болған бүгінгі зейнеткер: «Осыны халыққа жеткізші қарағым», – деді. Бәрін алу мүмкін емес. Бір топтамасын суретке түсіріп алдым. Табиғат құбылыстарынан жаралған тастар жануарларды бейнелейді. Ол замандарда бәлкім түсінікте жоқ та шығар, бірақ, қазіргі «Жұлдыз жорамалға» дәл келіп тұрғаны анық (Суреттерде). Бұл жәдігерлер Қызыл­ор­дадағы Арал қаласының тұрғыны Мейрамбек дейтін кісіден алынған екен. Тастардың көлемі 14-25 сантиметр шамасында. Сондай-ақ, Арал ауданындағы Ақбай ауылының Ақирек деген жер жар жотасы болып келеді. Соның айналасында көне белдеулер бар. Таудың тасымен қоршалған. Осы тастардың бірінде 28 сантиметр көлемдегі кәдімгі тарақтың сұлбасы анық көрінеді (Суретте). Ағамыз мұның бәрі шындық деп отыр. Бұл туралы үш тілде шы­ғатын ғылыми-көпшілік «Қазақ­тану» журналында (№2 (31) 2014) көлемді мақала да жариялапты.

Бақберген АМАЛБЕК

 

0 пікір