Священник мешіт құрылысына миллиондаған қаржы аударды
Священник мешіт құрылысына миллиондаған қаржы аударды
6 жыл бұрын 4180 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нигерияның Кросс-Ривер штатындағы Калабар қаласының священнигі орталық мешіт құрылысы үшін өз қалтасынан 1 млн нигериялық найрды аударған. Осындай қайырымды ісімен жергілікті жамағаттың алғысын алып, ризашылығына бөленген пастор Эссьен Айи, сондай-ақ, парламент депутаты да. Ол мұндай қадамға наным-сеніміне қарамай барлық нигерия азаматтары бір-біріне бауыр болғандықтан барғанын жеткізді. Бұл жайында Premium Times ақпарат көзі хабар таратты. Сонымен қатар, жергілікті мұсылмандардың өзінің сайлаушылары екенін де ұмытпайтынын алға тартты. Пастор мұнымен ғана шектеліп қалмай екі жетім балалар үйіне және қарттар үйіне қаржы аударып отыр. 

0 пікір
Мұрағат