Сөнген жанартаудағы ерекше елді-мекен (фото+видео)
Сөнген жанартаудағы ерекше елді-мекен (фото+видео)
4 жыл бұрын 5006 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның солтүстік-батысындағы сөнген жанартау сілемдерінде орын тепкен Кандобан елді-мекені туристердің ат арытып баратын орындардың бірі. Көне Саханд жанартауы бірыңғайда ертегіге тән көріністерімен аты шыққан. Сөнген жанартаудың сілеміне тұрақтайтындай бастарына не күн туды десеңші!? Бұған шыңғыс шапқыншылығы себеп болған еді. Жау әскерінен бой тасалап, бас сауғалап қашқан жұрт осыдан аттай 700 жыл бұрын жанартау сілемдеріне жасырынып, аман қалады. Сөнген жанартау шөгіндісін үңгіп паналайды. Көбіне екі немесе үш, кейде төрт қабатты баспанадағы бөлмелер іштен емес, сырттан жалғанған. Яғни, астыңғы немесе үстіңгі қабатынан шығып барып, сатымен немесе баспалдақпен келесі бөлмеге ене аласыз. Әдетте бірінші қабаты мал қамайтын қора немесе артық-ауыс зат сақтайтын қойма есебінде. Асүйлері де түтін шығатын қуысы болмағандықтан жартасқа мінгестіріп салынған. Бұл елді-мекен тұрғындарының мазасын туристер қашырады. Фотоаппараттарын сыртылдатып, интернетке жүктейді де жатады. Тіпті, кір жайса да оны таспаға тартып алып жатқаны. «Егер тағдыр саған лимон ұсынса, одан лимонад жасай біл» деген мақал бар емес пе – туристерден табыс түсетіндіктен олардың тірліктеріне көз жұма қарайды. Негізі бұл жер өркениет игілігінен кенде емес: моншасы да, мейманханасы да, мейрамханасы да, мектебі де, мешіті де бар.

Asia, Iran, Kandovan, Traditional house.

kandovan.laleh rocky hotel - Iran Traveling Center

ИРАН | Сайт писателя Михаила Юровского

 

0 пікір
Мұрағат