Sohar ислам банкі ғаламтор арқылы да қызмет көрсететін болады
Sohar ислам банкі ғаламтор арқылы да қызмет көрсететін болады
9 жыл бұрын 2927

Жуырда ғана клиенттеріне SMS-сервисін ұсынған Оманның Sohar ислам банкі ендігі жерде электронды банк қызметін қолға алады. Бұл өз кезегінде клиенттерге тәулік бойы, яғни, 24 сағат бойы банк қызметін пайдалануына мүмкіндік береді. Sohar-дың онлайн-банкингі арқылы клиенттер әлемнің кез келген түкпірінде және кез келген уақытта өз шотын тегін пайдалана алатын болады. Тек  Sohar-дың жақын арадағы бөлімшесіне барып, тіркелсе жетіп жатыр. Аталмыш қаржы мекемесінің басшысы Мұхаммед Харистің айтуынша, банк мұнымен ғана шектеліп қалмай, ипотека, депозит, жинақ есеп-шоты, т.б бойынша клиенттерге оңтайлы қызмет көрсетудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады.

 

0 пікір
Мұрағат