Сима Азими - у-шудан тұңғыш ақ жаулықты ауған жаттықтырушысы (фото+видео)
Сима Азими - у-шудан тұңғыш ақ жаулықты ауған жаттықтырушысы (фото+видео)
7 жыл бұрын 3270 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

20 жастағы ауған қызы нәзік білектілерді қытайдың у-шу өнеріне үйретіп жүрген тұңғыш әйел.  Бізде көбіне у-шу турасында тек төбеліс тәсілі ретінде ғана түсінік қалыптасқан. Кең мағынасында адамды психологиялық және физиологиялық тұрғыдан тәрбиелеудің көп қырлы, сан қатпарлы кешен екенін екінің бірі біле бермейді. "Мен у-щумен 15 жасымнан бастап шұғылдана бастадым. Екі жасқа толғанымда ата-анам елдегі тұрақсыздықты ескере келе әрі қауіпсіздігімізді ойлап, Иранға қоныс аударды. Осы Иранда жүріп, у-шудың қыр-сырын игердім. У-шу адамға жігер беріп, рухын шыңдайды"- деді ол. Қазіргі уақытта оның үйірмесіне жиырмадан аса қыз келіп жүр. Жаттығу Кабул қаласының сыртынды өтеді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан олар жаттығуды үзген емес. Олар халықаралық жарыстарға қатысып, өз өнерін паш еткісі келеді. 

nHJ-WAsxCTs

0 пікір
Мұрағат