Швециядағы діни ахуал қандай?
Швециядағы діни ахуал қандай?
10 жыл бұрын 3454

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Швеция билігі осы елдегі діни бірлестіктерді қолдайтын мемлекеттік комитетке діни жамағаттарға қарсы бағытталған ксенофобиялық әрекеттер жайында баяндама жасауды тапсырған еді. Осы тапсырмаға байланысты жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жекелеген тұлғалаларға да, діни жамағаттарға да қарсы бағытталған әрекеттер негізінен нәсілдік кемсітушілік, қорқыту, қоқан-лоққы көрсету, вандализм сипатында көрініс тапқан. Әсіресе, мұндай  әрекеттер осы елдегі азшылықты құрайтын діни жамағаттарға (мұсылмандар, христиандар, иудейлер, т.б.) қатысты жиі  қайталанатыны белгілі болды. Сауалнамаға Швециядағы 147 діни бірлестіктің 102-і тартылған. Сауалнамаға қатысқандардың 44 пайызы түрлі жағдайда осындай келеңсіздіктерге куә болатынын алға тартса, діни жамағаттардан 66 пайызы вандализмнен көресіні көріп отырғандарын жеткізген. Аталмыш баяндаманы жасауға атсалысқандардың бірі – Лунд қаласындағы исламтану университетінің докторы Симон Стиехольмның және діни бірлестіктерді қолдайтын мемлекеттік комитеттің қызметкері Макс Стокманның сөздеріне қарағанда, мұндай әрекеттерге көбіне ешбір дінге сенбейтін атеистер баратын көрінеді.

 

0 пікір
Мұрағат