Швецияда балалар жаппай жоғалып жатыр
|
Швецияда соңғы 4 жылдың ішінде төрт жарым мыңдай босқын бала жоғалған. Бұл жайында The Local ақпарат көзі хабар таратты. Босқын балалардың жаппай жоғалуы босқындар тарапынан аталған елден пана сұраған өтінішінен кейін орын алып отыр. Босқындардың кейбіреуіне пана берілсе, енді біреулерінің өтініші қанағаттандырылмаған, яғни, елден кетіруге шешім қабылданған. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта 4492 босқын баланың қайда кеткені немесе жасырынғаны белгісіз күйде қалып отыр. Олардың арасында өз бетімен келгендері де, ата-анасымен келгені де бар. Аталған елге. Шведтердің көші-қон агенттігінің мәліметі бойынша 2018 жылдың соңғы екі айы ішінде 223 бала жоғалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді