Шариғи блокчейн технологиясы іске қосылады
Шариғи блокчейн технологиясы іске қосылады
6 жыл бұрын 4872 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ислам даму банк (IDB) жанындағы зерттеу бөлімшесі ұйымға қатысушы мүдделі елдердің қаржы интеграциясына серпін беру мақсатында әрі шариғат талаптарына сай банк өнімдерін алға жалжыту үшін блокчейн технологиясын пайдалануды жөн көріп отыр. Штаб-пәтері Жидда қаласында орналасқан ислами оқу-зерттеу институт (Islamic Research and Training Institute) өкілдері аталмыш жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі үшін жергілікті Ateon фирмасымен және белгиялық SettleMint компаниясымен келісім-шартқа отырғандарын жария етті. Нақтырақ айтқанда, аталған жобаның техникалық тұрғыдан жүзеге асыру жолдарын талдау мақсатында осындай қадамға барып отыр. Бұл жайында Arab News ақпарат көзі хабар таратты. Бұл келісім-шарт шариғат талаптарына сай келетіндігі жөнінде сертификаты бар Индонезиядан Канадаға дейінгі барлық компаниялардан мұсылман инвесторлардың сұранысын қанағаттандыру үшін блокчейн технологиясын шоғырландыруға қатысты күш-жігердің нәтижесі болып табылады. IDB ислами қаржы корпорацияларын өзге қаржылық-техникалық фирмалармен ықпалдасуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Таяу Шығыстағы, Азияның және Африканың нарығын игеруге мүмкіндік береді. Сонымен, блокчейн дегеніміз не өзі? Қарапайым оқырманға түсінікті болуы үшін оның қандай технология екенін айта кеткенді жөн көріп отырмыз: Блокчейн дегеніміз – үшінші тараптың килігуіне жол бермейтін қауіпсіз желі арқылы барлық қатысушы тараптарға ақпаратты қадағалап отыруға мүмкіндік беретін таратушы реестр технологиясы. IDB өкілдері бұл технология есептік-клирингтік операцияларды жылдамдатуға, контрагент тарапынан болатын қауіпті азайтуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат