Селфи жасауға ерекше құмар қалалар анықталды
Селфи жасауға ерекше құмар қалалар анықталды
2 жыл бұрын 770

Instagram-да жарияланған селфи саны жағынан Америка штаттарының арасында Гавайи көш бастаса, Ұлыбританияда ең белсенді селфи-қала болып Брайтон танылды. Бұл жайында nur.kz сайты lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Аталмыш мәліметтер 2014 жылдың қарашасынан бастап 2015 жылдың қаңтары аралығында жиналған. Тек Instagram-дағы хештэгі бар #selfie суреттері ғана есепке алынған.

Кейін рейтинг жасаушылар селфи санын өңір халқының саны туралы деректермен біріктіріп, 100 мың тұрғынға шаққанда қанша селфи түсірілетінін анықтаған. Нәтижесінде АҚШ-та өз-өзін суретке түсіруден Гавайи штаты ерекше белсенділік танытып отырғаны белгілі болды.

Ал одан кейінгі орында Невада болса, селфи жасау жағынан белсенділік көрсеткіші бойынша үшінші орын Нью-Йоркке бұйрыпты. Ал Айдоха, Вайоминг және Оңтүстік Дакота пайдаланушылары селфиге мүлде қызығушылық танытпайды десе де болады.

Британия қалалары арасында 100 мың тұрғынға шаққанда 7 селфимен Брайтон қаласы көш басында тұр. Ал екінші орын Манчестердің еншісінде болса, көшбасшылар үштігін Лондон мегаполисі тұйықтаған. 

0 пікір