Саудиялық мұсылман әйелі жабық тақырыпқа қалам тартты
|
Сәмия әл-Амуди есімді саудиялық мұсылман әйелдің мамандығы гинеколог. 2006 жылы ол омырау обырымен ауырды. Содан бері ол жанына батқан сырқатпен күресіп, тек осы жылдың қаңтар айында ғана ауруды жеңе білді. Ол әйелге тән ауруларды айту ұят саналатын бұл елде алғашқы болып қоғамда қалыптасқан жаңсақ ұғымға қарамай омырау обырымен қалай күрескенін, аты жаман ауруды қалай еңсергенін кітапқа арқау етті. Әйелдер үшін өте өзекті де ділгір тақырыпты қозғағанымен тарихта қалатын болды. Оның әлеуметтік желілерде 70 мыңнан аса оқырманы бар. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады
■
Үйді жазда салқындатып, қыста жылытатын бояу жасалды