Сауд Арабияда түс мезгілінде жұмыс тоқтатылады
Сауд Арабияда түс мезгілінде жұмыс тоқтатылады
10 жыл бұрын 4100

Сауд Арабиясының Еңбек министрлігі аптап ыстық орнайтын климатты ескере отырып, жұмыс берушілерге қол астындағы жұмысшыларды талтүсте, яғни, сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін жұмысқа жегуге тыйым салатын заң қабылдады. Аталмыш заң маусым айының орта шенінен бастап, қыркүйек айының ортасына дейін қолданыста болады. Заңнан аттағандарға аса ірі мөлшерде айыппұл салынады, сондай-ақ, заңды бұзған компаниялардың жұмысы тоқтатылады. Мұндай заң күннің астында еңбек ететін жұмысшылардың денсаулығын сақтау мақсатында байланысты қабылданып отыр. Қандай да бір апаттың алдын алу мақсатында немесе кейінге қалдыруға болмайтын аса шұғыл жұмыстарды орындау керек болған жағдайда жұмысшылардың жұмысқа шығуына рұқсат етіледі.

0 пікір
Мұрағат