«Сапа инновациялары 2014» байқауында қазақстандық компания жеңімпаз атанды
«Сапа инновациялары 2014» байқауында қазақстандық компания жеңімпаз атанды
2 жыл бұрын 561

Baq.kz ақпарат көзінің хабарына қарағанда, 2015 жылдың қаңтар айының 19-ы күні Будапешт қаласында Мажарстан Президентінің қолдауымен «Еуропалық сапа» Ұйымы (The European Organisation for Quality) ұйымдастырған «Сапа инновациялары, 2014» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өткенін хабарлаған ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

«Әлеуетті инновациялар» номинациясында «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ қазақстандық компания жоғары қарқынды ультрадыбыспен емдеу технологиясын (HighIntensity Focused Ultrasound) енгізгені үшін жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда бұл қатерлі ісік ошағын жоюда инвазивтік емес тәсілінің жалғыз түрі болып табылады, яғни емдеу шаралары барысында тері бетінің тұтастығы бүлінбейді. Еуропалық сапа жүлдесі бизнес үдерістерді басқару жүйесін және жұмыс сапасын жақсарту үшін берілетін еуропалық беделді сый болып саналады. Жүлдені Орталықтың бас директоры, медициналық ғылымдар докторы, профессор Абай Байгенжин қабыл алды. Марапаттау салтанатына Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов қатысты.  

0 пікір