Санкт-Петерборда мұсылмандарға арналған шаштараз ашылады
Санкт-Петерборда мұсылмандарға арналған шаштараз ашылады
9 жыл бұрын 2927

Islam-today ақпарат көзінің хабарлауынша, Санкт-Петербор мегаполисінде православтармен қатар мұсылмандарға да арналған шаштараз ашылатын болды. Бұл жайында «Мекке» деп аталатын қала мұсылмандары бірлестігінің төрағасы Ренат Уәлиев мәлім етті. Бұл шаштаразда шариғат талаптары қатаң сақталатын болады, яғни, ерлерге бір бөлек, әйелдерге өз алдына жеке бөлмеде қызмет көрсетіледі. Осылайша әйелдер бөгде ер адамдардың сұқ көзінен қорғалады. Аталмыш шаштараз қаланың Петроград ауданындағы Соборлық мешіттің жанынан ашылады. 

0 пікір
Мұрағат