Сайтымыздың орысша нұсқасы оқырманға жол тартты
Сайтымыздың орысша нұсқасы оқырманға жол тартты
10 жыл бұрын 3904 islam.kz

Құрметті оқырман!

Орыс тілді бауырларымыздың талап-телігін ескере отырып, аз уақыттың ішінде танымал болып үлгерген сайтымыздың орысша нұсқасын ашып отырған жайымыз бар. Негізгі мақсат – орыс тілді оқырмандарға асыл дініміз туралы молынан ақпарат беру, ағартушылық бағыттағы материалдарды жұртшылық назарына ұсыну болып табылады. Сайтымыздың орысша нұсқасы арқылы шеттегі қандастарымызға да ислам дінінің қайнарынан қанып ішуіне жағдай жасауға, қадір-қасиетін, мән-маңызын жеткізуге күш саламыз. Ақпарат айдыны сайтымыздың орысша нұсқасымен толығып, оқырманның рухани қажетін өтеуге қызмет етеді. Сайтты http://islam.kz/ru/ адресі бойынша оқи аласыздар.

1 пікір
Мұрағат