Қызылордада түйе сүтін ұнтақ түрінде шығаратын кәсіпорын іске қосылады
Қызылордада түйе сүтін ұнтақ түрінде шығаратын кәсіпорын іске қосылады
9 жыл бұрын 3634

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Наурыздың соңында құрамында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары және 5 шаруашылық төрағалары бар қызылордалық делегаттар Қытай Халық Республикасы СУАР провинциясының орталығы Үрімші қаласында өткен ІІ Халықаралық Еуразиялық ауылшаруашылығы технологиялары мен жабдықтарының көрме семинарына және І халықаралық ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысып қайтты. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Көрме аясында екіжақты келісімшарттарға қол қойылып, Қытай елімен көрмеге қатысушы елдердің компаниялары арасында іскерлік келісімге келуі арқылы ниет білдіру шаралары өткізілді.

Бұл шара барысында Суар провинциясының «Хинхуа Скай Камел Биологи Технологии Деволопмент ЛТД» компаниясымен Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасы арасында түйе сүтін ұнтақ күйінде қаптамада шығару жөнінде біріккен кәсіпорын ашу жөнінде ниет білдіру хаттамасына қол қойылды.

Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасайтын шаруашылықтармен толық бизнес-жоспар әзірленіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық күшейетін болады. 

0 пікір
Мұрағат