Қытайдағы қазақ студенттері тоғызқұмалақ ойынының интернет нұсқасын жасады (фото+видео)
Қытайдағы қазақ студенттері тоғызқұмалақ ойынының интернет нұсқасын жасады (фото+видео)
7 жыл бұрын 4843 inform.kz Ризабек Нүсіпбекұлы

Бейжіңде оқып жатқан қазақ студенттері ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтың жаңа интернет нұсқасын жасап шықты. 

Қытай орталық телеарнасы ресми сайтының мәліметінше, қытайлық студенттер бұл жобаны тоғызқұмалақ деп аталатын арнайы порталға орналастырып, Қытайдағы дәстүрлі студенттер көрмесінде ұсынған.

Тоғызқұмалақты интернет арқылы қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде еркін ойнауға болады. Ойынның ережелер үш тілде анық түсіндірілген. Аталмыш бағдарлама нұсқасында ойын барысында кеңес аймағын құрып,  өзара пікір алмасуына толық мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге, бағдарламадағы әр ұпай сандары,  ойыншылардың жүрістері  ойын тарихы ретінде жазылып отырады және оған баға беріледі.

2

«Бейжің қаласында студенттер арасында өткен дәстүрлі  өнертапқыштар көрмесінде тоғызқұмалақ ойынының интернет жобасы өзге ұлт өкілдерінің қатты қызығушылығын туғызды. Олар бұл ойынның ережесін, жүйенің мүмкіндігін  жоғары бағалап дауыс берді. Нәтижесінде көрмеге ұсынылған 200-ге тарта жобаның ішінен  тоғызқұмалақ интернет ойыны жобасы 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, аталмыш жоба  «Қызығушылық тудырған 10 ірі жоба»  аталымы бойынша марапатталды», - деп жазады cctv орталық телеарнасы сайтының тілшісі Еркебұлан Мүтән.

3

Қытайдағы өнертапқыш қандастарымыздан құралған тоғызқұмалақ зерттеу ұжымы бұл жобаны онан әрі жетілдіре түспек. Сол арқылы ежелден келе жатқан ұлттық ойынымызды жаңа заманға бейімдеп, жастардың санасына сіңіруге ниетті.

0 пікір
Мұрағат