Қытай қазақтарының тойы еліміздегі қазақтарды тамсандырды (видео)
Қытай қазақтарының тойы еліміздегі қазақтарды тамсандырды (видео)
2 жыл бұрын 2452

Өзге елде жүрсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді бізден жақсы ұстанатын қандастарымыз Қазнетті тамсандырды.

Біз әлі лимузиндердің қызығына тоймай жүргенде, Қытайда жүрген қандастарымыз тойды ұлттық салт-дәстүрлерге сай етіп жасап жүр. Осындай тойлардың бірінен жасалған бейнеролик ғаламторда таралып, Қазақстан халқының да ризашылығын тудырды.

Кейбір ғаламтор пайдаланушылар: "бір-ақ рет үйленген соң тойды да замануи, жоғары деңгейде өткізген дұрыс" дегенді алға тарса, басқалары: "Көріңіздерші қандай әдемі. Қыздың жасауын әкелуі, ұлттық нақышта жасауы қатты қуантады, жарайсындар!", "Керемет! Таза қазақтар осылар шығар", "Елден жырақ жүрсе де, салт-дәстүрді сақтаған. Осылай үйленсем ба деп қалдым", - деген қолдауларын жеткізіп жатыр.

4 пікір
  • Қаншама мерседес бенз, қаншама бэнтли, қаншама порштар көшенің сәнін келтіріп өтті десеңші!!! :)
    Көп орыстанып кеткен қазақтар қытайда (бұрында біздің жерімізде) қалған қазақтарды: қашқындар, сатқындар дейді, ал өздері бір түйір дәстүр тұрмақ қазаққа деген жанашырлық жоқ, тіліне деген құрмет жоқ.

    Осыны қайталап көре бергің келеді.
    Ұлттық келбетімізді жоғалпағандарыңа Аллахым разы болсын, алыста болсада жүрегі қазақилықты сырып тастамаған сүйікті қандастарым
    2 жыл бұрын
  • Машаллах
    2 жыл бұрын
  • бұл не дәстүр? қызды жасауымен бір топ еркек қайда алып бара жатыр?
    әрине малақай киген аттылардың, түйелердің шеруі керемет.
    2 жыл бұрын
  • "Қытайдағы қазақтар қалада атпен жүріпті,қара жорға билепті". Былай қарасаң,таң қаламыз,өз ішінен қарасаң, бұл олардың соңғы тұяқ серпулері
    2 жыл бұрын
Мұрағат