Қырғызстанда да дінтану пәні оқытылатын болды
Қырғызстанда да дінтану пәні оқытылатын болды
9 жыл бұрын 3712

Қырғызстан Республикасы президенті аппаратының этникалық, діни және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі мәселелермен айналысатын бөлім меңгерушісі Мира Қарыбаеваның айтуынша, жуық арада елдің білім беру мекемелерінде дінтану пәні оқытылады. Оның мәлдімдеуінше, тек орта білім беру мекемелерінде ғана емес, сонымен қатар, жоғары оқу орындарында аталмыш пәнді оқытудың тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Бағдарлама ұлттық ерекшеліктер ескеріле отырып оқытылатын болады. Яғни, Ханафи мәзһабы бойынша. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының президенті аппараты жанындағы аталмыш бөлімнің меңгерушісі хабарлағандай, мемлекеттік саясаттың жаңа тұжырымдамасына сәйкес 2014-2020 жылдар аралығында орта білім беру мекемелерінде 9-шы сыныпқа дейінгі оқушыларға шетелден діни білім алуға тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат