Құранның поэтикалық аудармасын шығаруға рұқсат берілмеді
Құранның поэтикалық аудармасын шығаруға рұқсат берілмеді
9 жыл бұрын 3717

Жамол Камол есімді шайыр тәржімалаған қасиетті Құранның поэтикалық аудармасын шығаруға өзбектердің дін істері жөніндегі комитеті рұқсат берген жоқ. Діни басқарма бұл аударманы имам-хатыбтарға берген екен. Сараптамадан өткізуі үшін. Олар өз кезегінде «Құранды өлең түрінде аударуға болмайды» деген пәтуа берсе, тілтанушылар мен исламтанушылар аталмыш аудармаға оң бағаларын берген. Ал осы жобаның авторы болып табылатын «Бобохоновлар мүфтиі» деп аталатын меценаттар қоғамдастығы кеңесінің төрағасы Әлішер Құсаиновтың айтуынша, имам-хатыбтардың бұл қорытындысы көңілге қонбайды. Осыны тілге тиек еткен ол қасиетті Құранды орыс тіліндегі поэтикалық аудармасына өзінің жетекшілік еткенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат