Құран саябағы әлемдегі ең жақсы жер ретінде танылды (Видео)
Құран саябағы әлемдегі ең жақсы жер ретінде танылды (Видео)
5 жыл бұрын 2247

Time журналының «Әлемдегі ең керемет жерлер» тізімінің алғашқы сапынан Дубай қаласында орналасқан Quranic Park саябағы орын алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Осы жылы жасалған сұрастыру бойынша Quranic Park Хельсинки қаласындағы Oodi Орталық кітапханасы мен Чад қаласындағы Закум Ұлттық паркі сияқты танымал көпшілік орындармен қатар аталды.

Рейтинг әлем бойынша әр саланың эксперттерінен, корреспонденттер мен редакторлардың пікірлеріне негізделе отырып жасалды.

Жақында ғана ашылған  Құран саябағы (Quranic Park) шыныдан жасалған ғимаратымен белгілі. Оның ішінде қонақтар Құран мен сүннетте аталған өсімдіктерді көре алады және Ғажайыптар үңгірінде Құранда аталып өткен 7 ғажапты интерактивті технологиялардың көмегімен тамашалай алады.

0 пікір
Мұрағат