Қазақтар VIII ғасырда ота жасай білген
Қазақтар VIII ғасырда ота жасай білген
2 жыл бұрын 966

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша отандық археологтер ел аумағынан алғаш рет қобыз тәріздес музыкалы аспапты тапты.

Өскемен қаласынан 500 шақырым жерде орналасқан Қарақаба қорымынан табылған ескерткіш біздің дәуіріміздің VII-VIII ғасырына тән. Қорымды қазу барысында мамандар қару-жарағы және музыкалық аспабымен жерленген жауынгерді тапқан. Ол жылқысымен бірге көмілген. Айта кетейік, бұған дейін Қатонқарағай жерінен тағы да басқа музыкалы аспаптар табылған болатын. Бірақ бұл жолғы олжа жақсы сақталған. Өйткені қорым теңіз деңгейінен 1 750 метр биіктіктегі тауда орналасқан. Тамыз айының соңында мұнда қар жатады. Ал жер бетінің температурасы төмен болған сайын ондағы топырақ құрамы жақсы сақталады екен.

Дастан Жұманбаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының кіші ғылыми қызметкері: 2012 жылдан бастап тұрақты қаржыландырудың нәтижесінде аталған қорымда қазба жұмыстары жүргізіліп, Самашев Зейнолланың ғылыми жетекшілігімен 3 жыл қатарынан Қазақстан территориясында бұған дейін теңдесіз болып табылатын музыкалық аспап табылды. Сондай-ақ археологтер Қазақстанды VIII ғасырда мекендеген халықтың адам басына ота жасағанын дәлелдеген. Бас сүйегінде операцияның ізі қалған екі адам да осы қорымнан табылды. Мамандардың айтуынша, олар операциядан кейін тағы бірнеше жыл өмір сүрген.

0 пікір
Мұрағат