Қазақстандықтар күзден бастап Араб Әмірлігіне визасыз бара алады
Қазақстандықтар күзден бастап Араб Әмірлігіне визасыз бара алады
7 жыл бұрын 2845 stan.kz

Қазақстандықтар күзден бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстандықтар осы жылдың қазан-қараша айларынан бастап Бірікен Араб Әмірліктеріне визасыз режімде бару мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан елшісіне БАӘ сыртқы істер министрлігі консулдық қызметінің жетекшісі Ясер аш-Шамали айтып берді», – деп жазды Әнуар Жайнақов.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық тарап екі ел халқы үшін 30 күнге дейін визадан босату туралы құжаттарды дайындап қойды. Бұл туралы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ сыртқы істер министрлігі консулдық қызметінің жетекшісі Ясер аш-Шамалимен кездесу барысында айтты. Өз кезегінде Ясер аш-Шимали екіжақты қол қойылған құжаттың күшіне енуіне аз уақыт қалғанын мәлімдеді. Қаулыны мемлекет мақұлдағаннан кейін 2017 жылдың қыркүйегінде  Әмірліктің барлық мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ, Абу-Даби мен Дубайдың халықаралық әуежайлары ішкі ережелеріне өзгерістер енгізеді.

0 пікір
Мұрағат