Қазақстанда балабақшалар құны 7,1%-ға қымбаттаған
Қазақстанда балабақшалар құны 7,1%-ға қымбаттаған
7 жыл бұрын 2581 7kun.kz

Биыл қазақстандықтар балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне өткен жылмен салыстырғанда 7,1%-ға артық ақша төлеген. Осы жылдың 3 тоқсанында  мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу қызметінің жалпы құны 58,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 4 есе жоғары, деп хабарлайды ranking.kz.

2016 жылдың қараша айында баланы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бір рет апару үшін ата аналар орташа есеппен 738 теңге төлеген. Бұл 2016 жылдың қазан айымен салыстырғанда 0,1%-ға төмен, алайда өткен жылға қарағанда 7,1%-ға жоғары.

Ең жоғарғы баға Астанада — 1719 теңге немесе +25%, Алматыдағы баға 1604 теңге, Ақтауда — 863 тг, (+8,7%). Бағаның ең жоғарғы өсу қарқыны Таразда. Мұнда баға бір жылда 41,1%-ға дейін қымбаттаған.

Жалпы 3 тоқсанда 58,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3%-ға жоғары. Мұның 20%-ы немесе 11,2 млрд теңгесі Оңтүстік Қазақстан облысына, 11%-ы (6,2 млрд теңге) Алматыға тиесілі.

2016 жылдың 3 тоқсанында мектеп жасына дейінгі бір баланы оқыту мен тәрбиелеу қызметіне 79,9 мың теңге жұмсалған.

0 пікір
Мұрағат