Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан
Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан
2 жыл бұрын 798

Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан. Яғни, елімізде осынау кеселге шалдыққандар қарасы көбейіп кеткен. Бұл жайында Асфендияров атындағы жоғары оқу орнының жанындағы диабет орталығының директоры Жанай Ақанов Орталық Азиялық диабетологтардың форумында хабарлады. Оның айтуынша, қант диабетімен ауыратындар саны Орта Азия аймағында жарты миллион адамды құрайды. Оның сөзіне қарағанда 30 млн халқы бар Өзбекстанның өзінде 120 мыңнан аса адам сусамыр сырқатына шалдыққан, ал халқының саны 17 млн ғана елімізде 266 мың адам, әсіресе, дамыған елдерге тән болып келетін осынау дертпен ауырады екен. Ол Орта Азия елдерінің бұл дертпен күресу үшін күш біріктіру қажеттілігіне тоқталып, Қазақстанға Жапония мен Еуропа елдері көмек қолын созғанын жеткізді.

0 пікір