«Қара тізім» несімен қайран қалдырды?
«Қара тізім» несімен қайран қалдырды?
2 жыл бұрын 1168

Жаңа Зеландияда ИСИМ содырларының сойылын соғады деген күдікті желеу еткен билік заңнан аттамайтын мұсылмандарды да «қара тізімге» енгізіп жіберген. Бұл өз кезегінде осы елдегі ислам ұйымдарының жетекшілерін қайран қалдырып отыр. Ел премьері Джон Кей мәлімдегендей, аталмыш «қара тізімде» қырық шақты адам жүр. Бұл аздай-ақ, тағы 30-40 адам «қара тізімге» енгізілуі мүмкін. Соншама қаптап кеткен лаңкестер қайдан жүр? Міне, мұсылман жетекшілері осыған бас қатыруда. Ислам қауымдастығы федерациясының вице-президенті Жәбит Хан осыншама адамның «қара тізімге» енгізілгенін басқаша жорып отыр. Оның айтуынша, билік осыны алға тартып, мұсылмандарға қысым көрсетуі бек мүмкін. Өздерінің қолындағы мәлімет бойынша ары кеткенде 5-6 адам ғана ИСИМ мүддесін көздеуі мүмкін. 

0 пікір