Қан алып емдеуге (хижама) қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі қандай пікір білдірді? Ақтөбе облысының бас дәрігері хижамаға неге қарсы?
Қан алып емдеуге (хижама) қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі қандай пікір білдірді? Ақтөбе облысының бас дәрігері хижамаға неге қарсы?
6 жыл бұрын 8593 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білесіздер, кейінгі кезде атеистік қоғам шекпенінен шыққан еліміз ата дінімізбен қауышты. Сонымен бірге ежелден емдеу тәсіліне айналған хижама да кеңінен қолданыла бастады. Тіпті, КСРО кезінде де науқастың арқасына банк төңкеріп, қан алдырып жататын. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде. Алайда, бүгін ғана аспаннан түскендей оны тек көне заманның сарқыншағы ретінде қарастырып, келсін-келмесін, қарсы дау айтатындар (көреалмаушылыққа салынып, пендешілікке барып, жала жабу) шыға бастады. Ғылыми негізі жоқ деген желеуді алға тартып. Хижаманың пайдасы ғылыми тұрғыдан дәлелденбесе, оған емнің бұл түрі "жазықты" емес. Ғасырлар бойы сыннан өткен емнің осынау түріне үрке қарау қайдан шықты? Табыс көзіне айналдырып алғандарды көре алмаудан ба? Десе де білікті мамандардың кей пікірлерімен келіспекке әддің жоқ: тазалық талаптарын сақтамай ем жүргізу, қанға инфекцияның тез түсетіні, т.б. уәждері көңілге қонады. Десе де еліміздегі денсаулық сақтау саласының басшылары бұған не дейді? 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қан алып емдеуге қатысты пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында журналистер министрге хиджамамен емделудің қандай қаупі бар екені жайлы сұрақ қойды. Министр халық медицинасының медициналық қызмет көрсету түріне жатпайтынын және оған кепіл берілмейтінін айтып өтті.

"Сондай-ақ, ғылыми негізі бар немесе ғылыми тұрғыдан дәлелденген, бірақ, Денсаулық министрі қарастырмаған қызмет түрлері де медициналық қызметтерге кірмейді. Сондықтан да мұндай тексерілмеген жағдайларда, яғни, қауіпті жағдайларда барлық жауапкершілікті азаматтардың өзі алады", - деді министр.

"Министрлік өкілеттігі аясында қандай да бір қиындықтар немесе хаттар келіп жатса, біз оны қарастыруға дайынбыз. Өкілеттігіміз бар, сәйкес жұмыс істейтін комитеттер де бар. Комитет өкілдеріне де хабарлай аласыздар. Қазіргі уақытта осы салада қандай да бір жоспар енгізу немесе оған тыйым салуды қарастырып жатқан жоқпыз", - деді Елжан Біртанов.

Кейбір ашық дереккөздерде хиджамамен емделудің қан алып емделу екені айтылады.

Бұл саланың бақылаусыз қалғанын айтқан Ақтөбе облысының бас дәрігері Әсет Қалиев санитарлық талап сақталмаса, арыз жазуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде адамдардың үйіне барып, хиджама жасайтын дін өкілдері көбейді. Бұл жарнаманы кез келген әлеуметтік желіден көруге болады. Құны 5 мың теңге болатын қызмет түрі медицинада дәлелденбеген, санитарлық талап сақталмаған соң қауіпті. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқамасының басшысы Әсет Қалиев үй жағдайында қан алдыруға қарсылық білдіріп, тұрғындардың арыз-шағымы түспей тексеру болмайтынын жеткізді.

«Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы лицензиясы бар медициналық емдеу мекемесімен жұмыс істейді. Қазіргі кезде хиджама тексерілмейді. Ешқандай ғылыми дәлелі жоқ, емнің тиімділігі нақтыланбаған. Сондықтан, мен тұрғындарға хиджама жасатпауға кеңес беремін. Бірақ, бұл қазір жеке бизнеске айналған. Арыз-шағым болмаса, барып, тексеру жүргізе алмаймыз. Егер «ем жүргізіледі, санитарлық норма сақталмаған» деп айтылса, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабар беруге болады. Басқарма прокуратурадан рұқсат сұрап, тексеру жүргізе алады»,- деді Әсет Қалиев.

Өңірде хиджамадан соң ауруы асқынған, ем алған адам тіркелмеді. Бірақ, дәрігерлер бұл "өте қауіпті ем" деп отыр.

«Қанға, ашық жараға инфекция тез жұғады. Тіпті, адам емделемін деп В, С гепатиттеріне шалдығуы мүмкін. Қан алған кезде травматикалық шок болуы да ықтимал. Ол жерде санитарлық норма сақталмаса, жағдай оңай болмайды. Қан алдыратын орында реанимациялық жабдықтардың бәрі болуы тиіс»,- деп ескертті Әсет Қалиев.

0 пікір
Мұрағат