Қабырғасын бастан-аяқ Құран сүрелері «көмкерген» мешіт (фото+видео)
Қабырғасын бастан-аяқ Құран сүрелері «көмкерген» мешіт (фото+видео)
12 күн бұрын 1631 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сиан мұсылмандар құлшылық үйі Қытай аумағындағы ең ежелгі әрі аса ірі мешіт. Мешіт тек сәні бөлек сәулетімен ғана елдің назарын аударып қоймай, сонымен қатар, қасиетті Құран сүрелері қиып жазылған қабырғаларымен тәнті етеді. Аталмыш ғибадат ғимараты құрылысының қашан басталып, қашан аяқталғаны турасындағы деректер әртүрлі. Кей мәлімет бойынша мешітті Тан династиясынан шыққан Сиуансзун императоры тұсында (712-756) арабтар тұрғызған. Ал келесі нұсқасында ол Мин династиясының дәуірі жүріп тұрғанда даңқты теңізші әрі адмирал Чжэн Хэнің қаражатына салынған. Десе де кейін мешіт бірнеше рет кеңейтілген болатын. Жағалай дуалмен қоршалған бес ауладан тұратын (төртінші ауласында намаз оқитын орын бар) осынау мешіттің тарихы тым тереңде жатқанын шетжағалап айтып өттік. Енді сәулет үлгісіне келсек, әр ішкі ауласында қақпа мен флигел секілді ескерткіштке бергісіз нысандар бар. Мәселен, бірінші ауласы Цин династиясының монументалды қақпасын қамтыса, төртінші ауласынан Феникс павильонын ұшыратасыз. Кешеннің қабырғалары негізінен құстардың, түрлі өсімдіктердің, бұйымдардың бейнелері мен қытай және араб тіліндегі мәтіндерден тұрады. Тас керегелер каллиграфиялық көркем жазулармен бедерленген. Екінші ауладағы стелла Мин династиясының, Дун Цичан династиясының және Сун династиясының Ми Фу каллиграфиясымен безендірілген. Тұтастай алғанда мешіт сәулеті қытайдың дәстүрлі үлгісін сақтай отырып, ислами қызметке лайықталған. Мәселен, дәстүрлі қытай ғимараты Солтүстік-оңтүстік осі бойынша фэн-шуйге сай тұрғызылғанымен мешіт құбылаға қаратыла салынған. Мұндағы каллиграфия қытай иероглифі мен араб жазуы түрінде болғанымен кейде екі стил бір-бірімен астасып кеткен – «сини» деп аталатын каллиграфиялық стилде араб мәтіні қытай тілінде берілген. Ғалымдардың топшылауынша, үшінші ауладағы үш қабатты, сегіз бұрышты пагода бастапқыда азан шақыратын минарет ретінде қызмет еткен. Ал намаз оқитын зал бирюзалық шатырлы, алты бағаналы әрі бес есікті, монументалды ағаш ғимараттан тұрады. Ол балюстрадамен қапталған тас платформада менмұндалап тұр. Ішкі безендірілуін гүлді және каллиграфиялық өрнек ағашқа қиып салынған қыбланың артқы жағынан тамашалай аласыз. Сиан мешіті тұтас ағаштан тұрғызылған. Бұл мешіттің өзгешелігі сонда – ағаш қабырғаларына қасиетті Құран мәтіні мен оның қытайша тәржімесі қиып түсірілген, яғни, ойып жазылған. Бүгінгі таңда мешіт жиырмадан аса ғимараттан тұрады, 12 000 шаршы метр аумақты алып жатыр. 1988 жылы мешіт Қытайдың мемлекеттік қорғауына алынған мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген болатын.

Картинки по запросу great mosque of xi an interior

Xian Mosque3.jpg

Картинки по запросу great mosque in xian

Картинки по запросу Great Mosque of Xi'an

0 пікір
Мұрағат