Қабырғасы 50 тілде "Кітапхана" сөзімен безендірілген ғимарат (фото)
Қабырғасы 50 тілде "Кітапхана" сөзімен безендірілген ғимарат (фото)
9 жыл бұрын 5779

Пекин Халықаралық Тілдер университетінің кітапханасы өзінің ерекшелігімен танымал. Ерекшелігі сол ғимараттың қабырғасының өзгешелігінде, яғни «кітапхана» сөзі әлемнің 50-ге жуық тілінде өрнектеліп қабырғаға жазылған. Оның ішінде қазақша «КІТАПХАНА» деген жазу ғимараттың кіре-берісінде, бас кіріп-шығатын есіктің сол жағындаға қабырғада тұр. Ол қабырға да ғимараттың негізгі қабырғасынан бөлек тұрғызылған. Күн түскенде ғимараттың терезелеріне әлгі жазулардың көлеңкесі түсіп тұрады. Кітапхана үлкен 4 бөлімнен тұрады: қытай топтамасы, ағылшын және басқа тілдер топтамалары, мерзімді басылымдардың оқу залы және кеңселік ауданда ағылшын, француз, орыс, неміс, испан, жапон, араб тіліндегі оқулықтардың мол қоры бар. Кітапхана қорында 1 миллионға жуық кітаптар, 250 000 электронды кітаптар, 1100 қытай және басқа тілдерде мерзімдік басылымдар, 10 000 аудио материалдар, 26 000 толықмәтінді электронды мерзімдік басылымдар, 25 мәліметтер базасы, 4 өзідігінен құрылған мәліметтер базасы бар. Аталған бұл еңбектер негізінен тіл, әдебиет, мәдениетке тікелей байланысты болғандықтан кітапханы ерекшелендіріп тұр десек те болады.

Каталогтік заман мен материалдардың көптілділігін ескеріп, кітапханаға соңғы технологиямен жабдықталған ALEPH500 автоматты басқару жүйесі орнатылған болатын.

Кітапхана 2013 жылдың 15 қыркүйегінде ашылды. Жоба авторы, архитектеор - Норман Роквелл. Бұл кітапхана университеттің мақтануға тұрарлық ғимараттарының бірі бола алады.

Арнайы Islam.kz үшін Салтанат Сабыр,
Қытай, Пекин

0 пікір
Мұрағат