Парижде қазақтардың этноауылы
Парижде қазақтардың этноауылы
10 жыл бұрын 2831

Әлемді тамсандырған Париж қаласының қақ ортасындағы Пале Рояль алаңында өзгеше жоба қолға алынбақ: көшпенділердің мәдениеті мен тұрыс-тіршілігін көз алдыңа әкелетін этноауыл жұртшылықтың назарына ұсынылады.

Қазан айының 31-і мен қараша айының 3-і аралығында Парижде Астана күндері өтеді. Осынау айтулы шара барысында аталмыш алаңда, сонымен қатар, қазақ үйде жәрмеңке ұйымдастырылады. Онда былғарыдан тігілген, ағаштан жонылған қазақ көлөнершілерінің қолынан шыққан кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдар саудаға шығарылады. Бұған қоса, кез келген адам қолөнершілердің шеберлік дәрісін тыңдап, өзінің ебі мен қабілетін байқап көруге болады. Тіпті, қазақ үйді тігуге және жығуға атсалыса алады. Сахнада Астананың әнші-күйшілері, бишілері және шығармашылық топтары өз өнерлерін ортаға салады. Ал сахнаға қарама қарсы жерден Алтыбақан орнатылады. Сондай-ақ, хан отыратын Ақ Орда этноауылдың ажарын ашып тұратын болады. Ақ Орданың диаметрі тоғыз метрді құрап, биіктігі бес метрге жетеді.

0 пікір
Мұрағат