Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұрасына қатысты үлкен жоба
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұрасына қатысты үлкен жоба
10 жыл бұрын 4761

Киелі Мекке шаһарында Алланың ардақты елшісі – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі өмірі мен қазыналы ілімін кеңінен әрі жан-жақты насихаттау, сондай-ақ, мұсылмандар мен Ақиық елшіге (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қарсы әлемнің түкпір-түкпірінде белең алып келе жатқан түрлі науқандар мен шараларға тойтарыс беру мақсатында «Пайғамбар әлемі» деп аталатын жаңа жоба қолға алынайын деп жатыр. Аталмыш жоба бойынша Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кенішті мұрасымен тікелей байланысты мұражай, кітапхана, университет, типография, қонақ үй, аударма орталығы және өзге де маңызды инфрақұрылым нысандары бой көтеретін болады. Сонымен қатар, Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед Мұстафа (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мен сахабалар жайында, ислам діні жайында энциклопедия жарық көріп, түрлі тілдерде хабар тарататын газеттер мен веб-сайттарды, спутниктік арналарды біріктіретін ислами медиа орталық іске қосылады. Ислами энциклопедия 500 томнан тұратын болады.

1 пікір
Мұрағат