Пайғамбарды «көрдім» деген адам тұтқындалды
Пайғамбарды «көрдім» деген адам тұтқындалды
2 жыл бұрын 1707

Сауд Арабиясында ерекше оқиға орын алды. Бұрынғы мектеп директоры ғаламторға Мәдина мейманханаларының бірінде өзінің Пайғамбарлар падишасымен (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) кездескенін баяндайтын бейнетаспаны ораластырған. Оның айтуынша, Екі әлем сардары (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) бірнеше қажыға өз мазарына жол сілтеген екен. Бұл жайында NEWSru.co.il басылымы хабар таратты. Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тиятын комиссия оны тұтқындауға пәрмен берді. Оның ісін мемлекеттік тергеу әрі қоғамдық тексеру бюросы қарап жатыр. Әлемдегі ең ежелгі әл-Куба мешітінің имамы Масуд әл-Мұхаммеди мұның ислам ілімімен еш қабыспайтын сандырақ екенін айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда, мұндай әфсанаға еліту Адамзаттың асыл тәжіне (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) деген құрмет пен сүйіспеншіліктің жетіспеушілігінен орын алады. Сондай-ақ, ол Ақиық елшіні (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) тек замандастары ғана көргенін тілге тиек етті. Егер Оны (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) түсінде көргендер болса, ақыретте Онымен (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жүздесу бақытына ие болатынын мәлімдеді.

0 пікір