Пайғамбар (с.а.у.) дәуіріндегі Құран парақтары табылды (ФОТО)
Пайғамбар (с.а.у.) дәуіріндегі Құран парақтары табылды (ФОТО)
9 жыл бұрын 3553

Германия астанасы Берлиндегі Ұлттық орталық кітапханадан Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) заманында жазылған Құранның жеті парағы табылды.

Кітапхананың баспасөз хатшысы Жиенетт Ламбелдің айтуынша, бұл –  Европадағы Құран Кәрім қолжазбаларын зерттейтін Цюрих лабароториясы жүргізген «Корпус Куранисиум» атты ғылыми зерттеу жобасының ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш құндылық  606-652 жылдарда жазылған көрінеді.

Ол Мысыр астанасы Каирда өмір сүрген ғалымға мұраға қалған жәдігер екен. Германия Ұлттық кітапханасына XIX ғасырдың аяғында әкелінген. 

Пайғамбар (с.а.с) дәуіріндегі Құран парақтары табылды

0 пікір
Мұрағат