Осы заманғы қарапайым мешіттің үлгісі қандай болу керек? (фото)
Осы заманғы қарапайым мешіттің үлгісі қандай болу керек? (фото)
7 жыл бұрын 4278 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласының маңында тұрғызылған әл-Уәрка мешіті симметриялық өзгеше интерьерімен талғамы жоғары туристер жиі тамашалайтын ғибадат ғимаратына айналған. Аталған мешіт Саудия аумағындағы құм мен мәрмәрдан соғылған - сағым жортқан шөл даланың сәнін кіргізген сарайы дерсің. Сәулетшілер сыртқы көрінісі қарапайым осынау мешіттің ішін басы артық заттармен  (бұл өз кезегінде құлшылық кезінде адамның ойын бөлмейтін бөгде заттарға) толтырмай-ақ, классикаға жатпайтын, бірақ, барынша қарапайымдылықты, ең бастысы, қолайлы болуын көздеп, стилді қатаң сақтаған. Ең басты ерекшелігі мұнда бас сұққан адам кеңістіктің не екенін сезінеді және жарық мейлінше мол.  Бұл жайында Whatson.ae. ақпарат көзі мәлім етті. 

 

0 пікір
Мұрағат