Өртенген шіркеулер саны 45-ке жетті
Өртенген шіркеулер саны 45-ке жетті
9 жыл бұрын 3313

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Нигер астанасы Ниамей қаласында ереуілдер кезінде өртенген шіркеулер саны 45-ке жетті. Бұған дейін ақпарат көздері ғибадат үйлерінің 7-нің өртенгенін хабарлаған болатын, - деп хабарлайды khabar.kz.

Сондай-ақ бірнеше қонақ үй мен дәмханалар да отқа оранған. Тәртіпсіздіктер кезінде 10 адам көз жұмып, тағы 128-і жарақат алды. Айта кетейік, наразылық шарасына атышулы Шарли Эбдо баспасының пайғамбардың карикатурасын шығаруы себеп болған. Мұндай ереуілдер сондай-ақ Алжир, Мали мен Сенегал сияқты бірқатар елдерде де өтті. Нигер билігі елде қаза болғандарға қатысты 3 күнді қаралы деп жариялады.

0 пікір
Мұрағат