Оққағарлар мұсылман әйелдерді қорғайды
Оққағарлар мұсылман әйелдерді қорғайды
2 жыл бұрын 825

Өз алдына бір құрлықты алып жатқан Аустралияда исламофобиялық құбылыстың белең алып бара жатқаны турасында талай мәрте хабар тараттық. Еуропадаға секілді бұл елде де қоғамдық орындарда, көшеде шариғат шәлісін жамылған әйелдерге «қырғидай тиіп», қорлап кету, тіл тигізу секілді жат әдеттер тыйылмай тұр. Осыған байланысты Сидней қаласында шариғат шәлісін жамылған әйелдерді көшелерде болсын, өзге де қоғамдық орындарда болсын, исламофобтардың шабуылынан қорғау үшін мұсылман ер-азаматтар оққағар қызметін ұйымдастырып отыр. Дүкенге баратын, баласын мектепке шығарып салатын, т.б. жағдайларда мұсылман әйелдер ендігі жерде мұсылман оққағарларының тегін қызметіне жүгіне алады. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір