Оңтүстік азаматтарын солтүстікке тарту шарасы әзірленді
Оңтүстік азаматтарын солтүстікке тарту шарасы әзірленді
9 жыл бұрын 3831

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оңтүстік азаматтарын солтүстікке тарту мәселесі де қарастырылған заң жобасын ұсынды. Аталмыш заң жобасында жылына 337 мың адамның ішкі көшіп-қонуына жағдай жасау қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, 146 мың адам – аймақ ішінде, 191 мың адам – аймақ аралық көші-қон процесіне тарту көзделген. Алдын ала жасалған есеп бойынша 2050 жылға қарай еліміздің солтүстік аймақтарында адам саны 0,9 млн-ға дейін кемиді екен, ал оңтүстікте керісінше жағдай орын алады: солтүстік тұрғындарына қарағанда адам саны төрт есе өсетін болады. Халқымыздың аймақтық орналасуындағы, әсіресе, оңтүстік пен солтүстік өңірлері бойынша осынау сәйкессіздікті жою мақсатында әзірленген заң жобасында ешкім күштеп көшірілмейді, ал аталған аймақтар бойынша қоныс аударғысы келетіндерге мемлекет тарапынан жағдай жасалатын болады. Атап айтқанда, көшуге ниет еткендерге олардың көлік шығынын өтеу, жалға баспана беру, шағын несие беру, жұмысқа орналастыру секілді әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

0 пікір
Мұрағат