Өмірінің соңғы сәтінде Құран тыңдап кетті
Өмірінің соңғы сәтінде Құран тыңдап кетті
7 жыл бұрын 7969 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бақилық болғанына көзді ашып-жұмғанша жыл өтіп кеткен Өзбекстанның тұңғыш әрі бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың өмірден озар алдында қасиетті Құран тыңдап кеткенін еске алды қызы өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасында. Тарқатып айтқанда, Ислам Кәрімов есін жоғалтып, аурухана төсегіне таңылған өмірінің соңғы сәттерінде имамдар келіп, Құран оқыған. "Мен  президент өмірінің соңғы сәттерін өткеріп жатқан палатада болдым. Лола, Татьяна Акбаровна, Мәриям. Мен олармен қатар отырдым, тілімді кәлимаға келтіріп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтып, дұға етумен болдым. Жапсарлас бөлмеде қарилар отырды (олар терезеден президентті көре алады), дауыстап, мәнерлеп Құран оқыды",- дей келе ол қарилардың да Құран оқып отырып, көз жастарына ерік бергенін жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат